Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне(бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қыркүйекте № 12022 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 28.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 5) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сай табиғи монополияларды реттеу жөніндігі кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Т. Жақсылықов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің 
міндетін атқарушы 
________________ С. Омаров 
2015 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі 
________________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы 11 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрі 
________________ В. Школьник 
2015 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрі
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 31 шілдедегі
 № 580 бұйрығымен
 бекітілген
Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидалары
1. Осы Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін (бұдан әрі – УТК) бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар темір жолдардың көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) УТК бекіту тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi