Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14012 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес
Редакция 21.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу, өзгерту және өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев 
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 28 маусымда
№ 292 бұйрығымен
бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидалары
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) базалық шек – белгіленген кезең ішінде шығарылған парниктік газдар шығарындыларының көлемі;
2) жаңа қондырғылар – Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағына сәйкес келетін және тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) қолданылуы кезеңінде пайдаланылуға енгізілген қондырғылар;
3) қондырғының қуатын ұлғайту – өнімді шығару, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдаудың жылдық көлемін ұлғайту;
Полная версия
ИС BestProfi