«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2023
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 қаулысы
Осы Қаулы 17.07.2023 жылдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 559 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 қаулысымен бекітілген
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 849 Қаулысына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.04.2018 жылғы № 179 Қаулысына сәйкес (08.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары), телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті және техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1047 Қаулысына сәйкес (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділікті ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
4) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі – АКИАМО) – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, «электрондық үкімет» инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.01.2021 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 849 Қаулысына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу тәртібі
3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттарының (бұдан әрі – өлшемшарттар) кемінде біреуіне сәйкес келген кезде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері аса маңыздыларға жатқызылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілуі тиіс.
4. Уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің иелеріне (иеленушілеріне) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін бар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері бойынша сұрату (бұдан әрі – сұрату) жолдайды.
5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің иелері (иеленушілері) сұрату негізінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін тізбеге енгізу үшін ұсыныстарды осындай сәйкестікті негіздейтін мәліметтер мен құжаттарды қоса бере отырып, жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органның қарауына енгізеді.
5-1. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдар және ұлттық қауіпсіздік органдары өз бастамаларымен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін тізбеге енгізу және (немесе) одан шығару үшін осындай сәйкестікті негіздейтін құжаттар мен өзге де материалдарды қоса бере отырып, ұсыныстарды осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде уәкілетті органның қарауына енгізеді.
Осы Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 26.12.2018 жылғы № 892 Қаулысына сәйкес (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Уәкiлеттi орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстарын қарау және талдау үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мамандары, сондай-ақ уәкілетті органда, ұлттық қауіпсіздік, азаматтық қорғау және қорғаныс органдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар қатарынан комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.04.2018 жылғы № 179 Қаулысына сәйкес (08.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.12.2018 жылғы № 892 Қаулысына сәйкес (09.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Комиссия ұсынылған ұсыныстарды, құжаттар мен материалдарды қарап, мынадай:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.01.2021 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы өтінімді қабылдамау туралы;
3) осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым тізбесінен алып тастау туралы ұсыным шығарады.
8. Комиссияның ұсынымы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс хаттамамен ресімделеді:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.01.2021 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) отырыстың өткізілген күні мен орны;
2) комиссияның құрамы;
3) қаралған өтінімдердің саны;
4) белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі не сәйкессіздігі негізделген әрбір ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі бойынша комиссияның ұсынымы.
9. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы өтініш кері қайтарылған жағдайда уәкілетті орган шешім қабылданған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің иесіне (иеленушісіне) бас тарту себебін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
10. Уәкілетті орган комиссия хаттамасының негізінде мына үш шешімнің бірін қабылдайды:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.01.2021 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы өтінімді қабылдамау туралы;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым тізбесінен алып тастау туралы.
Уәкілетті орган тізбені қалыптастырады және жыл сайын, 1 шілдеден кешіктірмей заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді. Тізбеге комиссияның хаттамасы және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері иелерінің (иеленушілерінің) өтінімдері қоса беріледі.
11. Тізбені өзектілендіруді ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісін өндірістік пайдаланудың тоқтатылуына немесе өлшемшарттарға сәйкессіздіктің немесе өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымның жаңа объектісінің анықталуына алып келген ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісінің функционалдық мақсатының өзгеруіне байланысты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстары негізінде жыл сайын уәкілетті орган жүзеге асырады.
Уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстарын осы Қағидалардың 6-10-тармақтарында көзделген тәртіппен қарайды.
12. Тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда осы Қағидаларда және заңнамада белгіленген тәртіппен енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі №529 қаулысымен бекітілген
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттары
1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің аса маңызды мемлекеттік объектінің үздіксіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде аса маңызды мемлекеттік объектінің қызметі тоқтатылатын болады.
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің стратегиялық объектілердің үздіксіз және қауіпсіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде стратегиялық объектінің қызметі тоқтатылатын болады не техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі туындайды.
3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің үздіксіз және қауіпсіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектісінің қызметі тоқтатылатын болады не техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі туындайды.
4. Жұмыс істеуінің ішінара немесе толық бұзылуы (тоқтауы) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайға алып келуі мүмкін «электрондық үкiмет» ақпараттандыру объектісінің және өзге де ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің әсері.
Осы Өлшемшарттар 4-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2018 жылғы № 179 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 849 Қаулысына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия