Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
"Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 557 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 06.04.2018 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес
1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізiледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 557 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысымен бекітілген
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері
Р/с № |
1 тоннаға акциз мөлшерлемелері (теңгемен) | ||
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0-2710 12590 0) |
Дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0-2710 19 480 0) |
||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (сәуір – қазан) |
10500 | 9300 |
2. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (қараша – наурыз) |
10500 | 540 |
3. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі | 0 | 0 |
4. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (сәуір – қазан) |
11000 | 9360 |
5. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (қараша – наурыз) |
11000 | 600 |
6. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы | 500 | 60 |
7. | Импорт | 4500 | 540 |
8. | Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (сәуір – қазан) |
10500 | 9300 |
9. | Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (қараша - наурыз) |
10500 | 540 |
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,730
М = --------------------, мұндағы:
1000
М — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;
0,730 — бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,769
М = -------------------, мұндағы:
1000
М — өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;
0,769 — дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
Полная версия