Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
"Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 600 бұйрығы.
​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 қазанда № 14280 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 215 бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10920 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларында:
«3. Бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын жер қойлауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев);
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін ;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған  күнінен кейін күнтізбелік он күп өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Полная версия
ИС BestProfi