Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 369 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1.  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылсын.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы» 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 420-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 502 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 604-құжат) жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық, Музейді Ұлттық бизнес-сәйкестендіру тізілімінен алып тастаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 4 қарашадағы
№ 369 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (16.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығында («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар).
3. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 124-құжат):
3-тармақтағы «85» деген цифрлар «140» деген цифрларға ауыстырылсын;
жоғарғы аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
Полная версия
ИС BestProfi