«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 328 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 628 қаулысы
Редакция 30.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 628 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.10.2019 жылғы № 798 Қаулысымен (27.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 347 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 187-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiнде:
Полная версия