«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132-к бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 17.08.2021 жылғы № 864-к Бұйрығына сәйкес
Редакция 05.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С. Әбдікәрім):
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшының міндетін атқарушы А. Өтешова
"Келісілді" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев ____________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132-к бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
6. Комитеттің құрылымы мен штат саны заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітіледі.
Полная версия