«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
"Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 456 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда № 14486 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Энергетика министрлігінің 02.11.2021 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес
1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10135 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі бекітілсін.»;
«3. Аккредиттеу уәкілетті органмен жүргізіледі және электрондық аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.»;
«4) аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу, тіркеу және электрондық түрде беру, не дәлелді бас тарту туралы жауап жіберу.»;
«5. Өтініш беруші аккредиттеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті алуға өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.
Осы тармақта көзделмеген өзге де құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде оның толықтығына тексеру рәсімін жүзеге асырады.
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 25-бабының 1-тармағына сәйкес егер өтініш беруші ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, уәкілетті орган белгіленген мерзімде өтінішті қараудан дәлелді бас тарту жібереді.»;
«8. Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, газ желісі ұйымдарының тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімнің ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде аккредиттеу туралы куәлік беріледі.»;
«9. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар, сонымен бірге өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру нәтижелері бойынша сәйкес келмеген жағдайларда аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аккредиттеу туралы куәлікті беруден дәлелді бас тарту электрондық құжат түрінде беріледі.
Егер уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өтініш берушіге аккредиттеу туралы куәлікті бермеген не оны беруден дәлелді бас тартпаған жағдайда, онда оны беру мерзімдері өткен күннен бастап аккредиттеу туралы куәлік берілді деп есептеледі және уәкілетті орган оны бір мезгілде газ желісі ұйымдарының тізіліміне енгізеді.
Рұқсаттар туралы Заңның 26-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны өтініш берушіге береді.
Егер уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті бермеген жағдайда, бес жұмыс күні өткеннен кейін аккредиттеу туралы куәлік алынды деп есептеледі. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда тиісті өтініштің берілгенін растайтын, уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжат қызметтің жүзеге асырылуының заңдылығын растау болып табылады.
10. Аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші аккредиттелетін субъект анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес қайта өтініш береді.»;
көрсетілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1 |
меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базалар болуы, ол мыналардан тұрады: |
жерге жеке меншік құқығына актілердің, объектілерге техникалық паспорттардың, әділет органдарынан немесе электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтамалардың, объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік комиссиялардың актілерінің, жалға алу мерзімдерін көрсете отырып жалға алу шарттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
газ толтыру станциядан – баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, толтырғыш бағандар, баллон жөндеу цехы, баллондарды техникалық куәландыру учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қойма, жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуарлары, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесу су қоймасы |
баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесінің, төгу-құю бөлімшесінің, толтырғыш бағандардың, баллон жөндеу цехының, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қоймаларының, жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуарының, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың және/немесу су қоймасының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
|
инженерлік құрылыстардан – төгу-құю теміржол эстакадасы, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесу су қоймасы |
төгу-құю теміржол эстакадасының, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың және/немесу су қоймасының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«*Осы газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.»;
қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне қосымша»;
қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны»;
Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысанында:
«1. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның бар болуы _____________________________ (жерге жеке меншік құқығына актілерді, объектілерге техникалық паспорттарды, әділет органдарынан немесе электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтамаларды, объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік комиссиялардың актілерін, жалға алу мерзімдерін көрсете отырып, жалға алу шартын көрсету) туралы ақпарат;
2. Газ толтыру станциясының бар болуы туралы ақпарат ___________________________________(баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, толтырғыш бағандар, баллон жөндеу цехы, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қоймалардың, жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуардың, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың және/немесу су қоймасының болуын көрсету);
3. Инженерлік құрылыстар бар болуы туралы ақпарат _________________ (төгу-құю теміржол эстакадасы, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың және/немесу су қоймасының болуын көрсету);»;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________Ж. Қасымбек 2016 жылғы 31 қазан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 1 қараша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 456 бұйрығына 1-қосымша
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы КУӘЛІК
_______________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы)
_______________________________________________________________ (заңды тұлғаның мекенжайы, орналасқан жері)
__________________________________________________________________ (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нөмірі және берілген күні* немесе анықтама)
БСН: ______________________________
____________________________________________________________ берілді. (газ толтыру станциясының орналасқан жері)
Куәлікті берген орган:
Басшы (уәкілетті органның):
Куәліктің ресімделген күні:
Куәліктің нөмірі:
Астана қаласы
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 456 бұйрығына 2-қосымша
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша
Қазақстан Республикасының Газ желісі ұйымдарының тізілімі
р/с № |
Газ желісі ұйымының атауы |
Газ толтыру станциясының орналасқан жері |
Газ желісі ұйымын аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні |
Газ желісі ұйымының аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі |
БСН |
Газ желісі ұйымының заңды мекенжайы, байланыс деректері |
Газ толтыру станциясын иелену құқығы |
Газ толтыру станциясын жалға алу шартының қолданылу мерзімі |
Резервуарлардың саны және көлемі |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|