Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14623 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 112-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Осы Бұйрықтың кіріспесінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды ҚР Қаржы министрінің 22.08.2017 жылғы № 511 Бұйрығына сәйкес
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 20.02.2020 жылғы № 176 Бұйрығына сәйкес (30.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.02.2022 жылғы № 164 Бұйрығына сәйкес (26.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
1. Осы Бюджеттік мониторинг жүргізу туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқау) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 112-бабына сәйкес әзірленді.
Бюджеттік мониторинг - міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау.
Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық, жергілікті уәкілетті органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
1-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.08.2017 жылғы № 511 Бұйрығына сәйкес (23.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (халық саны екі мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараты үшін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, халық саны екі мың және одан аз адам болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараты үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі)