1. Осы «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 3-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілер) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2018
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына 1-қосымша
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Әдістеме күшін жойды 2018 жылғы 14 ақпаннан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 16.01.2018 жылғы № 13 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
2. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінің 5-тармағына сәйкес, «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері негізінде жылдың қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланатын жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірілмей өткізіледі.
Мемлекеттік органдар «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды тоқсанның қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланатын жылдың есепті тоқсанынан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (оныншы желтоқсаннан кешіктірмей бағалау өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда) өткізе алады.
4. Егер «А» корпусы қызметшісінің нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, оның бағалауы өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі «А» корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.
5. Бағалауды «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау және босату құқығы бар тұлға (орган) (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) жүргізеді.
6. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысының және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өткізеді.
Аталған тұлғалардың бағалауы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысымен бағаланатын жылдың қаңтарында айқындалатын жұмыс басымдықтары негізінде жүргізіледі.
Осы тармақтың ережелері 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
7. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «А» корпусы қызметшілері қызметінің бағалауы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің автоматтандырылған бағалау жүйесімен көзделген ерекшеліктерін ескере отырып осы Әдістеме негізінде жүргізіледі.
8. Бағалау:
1) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына қызметшінің тағайындалған сәттен бастап бір ай ішінде осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті тұлғаның қызметшімен жасалған жыл сайынғы келісімнің басымдықтарын, сондай-ақ осы Әдістеменің 6-тармағымен көзделген тұлғаларға қойылған жұмыс басымдықтарын орындауын бағалаудан;
Бұл ретте, келесі бағаланатын жылдың келісімі алдыңғы келісім жасалғаннан кейін бір жыл өтісімен бір ай ішінде қайта жасалады.
2) кәсіби деңгейі мен тұлғалық қасиеттерін бағалаудан құралады.
9. Бағалаудың ұйымдастырушылық сүйемелдеуі мемлекеттік органның персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) не ол болмаған жағдайда – бағалауды жүргізетін тұлғалардың (органдардың) бағыныстылығында тұратын, уәкілетті тұлға айқындайтын өзге құрылымдық бөлімшемен (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Қызметті бағалау
Полная версия