Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2023
Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 719 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 14697 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 11.09.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 14) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.06.2020 жылғы № 354 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
С. Жасұзақов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Е. Ыдырысов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
К. Мәсімов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 719 бұйрығымен
бекітілген
Эскпорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидасы
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығымен (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.06.2020 жылғы № 354 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 14) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау тәртібін айқындайды.
1. Осы экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органның экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортының жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтылығын ресми тану мақсатында жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi