«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Кредиттік бюролардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және көлемдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 278 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 ақпанда № 14761 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюролардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну қағидалары, мерзімдері және көлемдері бекітілсін.
2. «Кредиттік бюролардың ақпаратты және мәліметтерді беру ережесін, мерзімін және көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы № 223 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4951 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы Н. Айдапкелов _____________________ 2016 жылғы __ ______
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 278 қаулысымен бекітілген
Кредиттік бюролардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну қағидалары, мерзімдері және көлемдері
1. Осы Кредиттік бюролардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну қағидалары, мерзімдері және көлемдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және кредиттік бюролардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және көлемдерін белгілейді.
2. Кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидалардың 3-тармағында көзделген ақпарат мен мәліметтерді ұсынады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 195 Қаулысына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Кредиттік бюролар ұсынатын ақпараттар мен мәліметтерде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік тарихтың деректер базасындағы кредиттік тарихтың саны туралы ақпарат;
Полная версия