Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19682 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есептің нысаны;
2. Кредиттік бюро Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті электрондық форматта тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
1) «Кредиттік бюролардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және көлемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 278 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14761 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 195 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17551 болып тіркелген, 2018 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығының мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.