Близость слов: Окончание:





Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 81 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 желтоқсанда № 37507 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
1) «Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19682 болып тіркелген);
2) «Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30932 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 қарашадағы
№ 81 қаулысымен
бекітілді
Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары
1. Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын, тізбесін, кезеңділігін және ұсыну мерзімін қоса алғанда, кредиттік бюроның есептілікті ұсыну тәртібі айқындалады.
2. Есептілік «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынылады.
3. Кредиттік бюроның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.
Полная версия
ИС BestProfi