Близость слов: Окончание:





Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV Заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 10.06.2014 жылғы № 206-V Заңымен (21.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 05.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын, сондай-ақ терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға және жаппай
Кіріспе өзгертілді ҚР 10.06.2014 жылғы № 206-V Заңымен (21.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 325-VІ Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.11.2020 жылдан бастап)
қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкцияларды іске асыру тетіктерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 21.06.2012 жылғы № 19-V Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 10.06.2014 жылғы № 206-V Заңымен (21.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күдiктi операция (бұдан әрi - күдiктi операция) - клиенттің операция жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен кіріс болып табылады деп не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деп күдік туындататын операциясы (осындай операцияны жасауға ұмтылысты, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалған операцияны қоса алғанда);
1-тармақша қолданысқа енгізіледі 14.12.2014 жылдан бастап ҚР 10.06.2014 жылғы № 206-V Заңына сәйкес
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар - олармен байланысты азаматтық құқықтарды және мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсiлiне қарамастан, жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен әрекеттерi;
2-тармақша өзгертілді ҚР 01.07.2022 жылғы № 131-VII Заңымен (18.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – қаржы мониторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар ақшаның және (немесе) өзге мүліктің берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.08.2015 жылғы № 343-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2015 жылы «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 325-VІ Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.11.2020 жылдан бастап)
2-2) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар – бағалы металдарды, олардың химиялық қосылыстарын, асыл тастарды медициналық мақсаттарда, ғылыми-зерттеу мақсаттарында не құралдардың, аспаптардың, жабдықтардың және өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдардың құрамында пайдаланатын діни ұйымдарды, музейлерді және ұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды-сатуды жүзеге асыратын тұлғалар;
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.08.2015 жылғы № 343-V Заңына сәйкес (ҚР 08.04.2016 жылғы № 489-V Заңының өзгерістерімен) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.04.2016 жылдан бастап)(ҚР 10.01.2018 жылғы № 132-VІ Заңының өзгерістерімен)
3) бенефициарлық меншік иесі – бұл:
3-тармақша қолданысқа енгізіледі 14.12.2014 жылдан бастап ҚР 10.06.2014 жылғы № 206-V Заңына сәйкес
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша өзгертілді ҚР 01.07.2022 жылғы № 131-VII Заңымен (18.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
клиенттің – заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;
оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
3-1) делдал-банк – ақша жөнелтуші банктен алынған төлемді және (немесе) ақша аударуды қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыратын банк және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 325-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.11.2020 жылдан бастап)
3-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 18.11.2021 жылғы № 73- VII Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды  ҚР 01.07.2022 жылғы № 131-VII Заңына сәйкес (18.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2) жария лауазымды адам:
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.11.2021 жылғы № 73- VII Заңына сәйкес (өзгерту 19.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 01.07.2022 жылғы № 131-VII Заңымен (18.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам;
Полная версия
ИС BestProfi