Близость слов: Окончание:





Банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14832 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 159 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және 54-1-бабының 1-тармағына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-1-бабының 1-тармағына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-4-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 жылғы № 14 Қаулысына сәйкес (19.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысының кірістері мен мүлкі туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің лауазымды тұлғалары туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі және сақтандыру холдингі қатысушысы (акционері) болып табылатын ұйымдар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушылары (акционерлері) туралы есептің, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысын, банк холдингін, сақтандыру холдингін бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтердің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес байланысты тұлғалармен, оның ішінде үлестес тұлғалармен есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы мәмілелер туралы есептің және байланысты тұлғалар, оның ішінде үлестес тұлғалар тізілімінің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау жөніндегі жұмыс кестелерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің нысаны және оған түсіндірме жазба;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне тиесілі екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының және (немесе) пайыздық арақатынасының, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздерінің өзгеруі туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес сақтандыру тобына қатысушылардың сақтандыру тобы меншікті капиталының он және одан көп пайызы болатын, есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы, үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы барлық міндеттемелері туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы сақтандыру тобының топ ішіндегі мәмілелері туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес Екiншi деңгейдегi банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Екiншi деңгейдегi банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта мынадай есептілікті:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 жылғы № 14 Қаулысына сәйкес (19.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген есептілікті жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күннен кешіктірмей;
2) екiншi деңгейдегi банктің ірі қатысушысы мәртебесі бар екiншi деңгейдегi банктерді немесе банк холдингін қоспағанда, екiншi деңгейдегi банктің Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі:
Полная версия
ИС BestProfi