Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2020
Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 ақпанда № 14784 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес    
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305
қаулысымен бекітілген
Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы (бұдан әрі - Кепілдік беру қоры туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарий мен бірыңғай операторың (бұдан әрі - қаржы ұйымы), банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі - холдинг) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды.
2. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) 1-бабының 20)-тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң) 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім береді.
Уәкілетті органмен келісілуге тиіс қаржы ұйымдарының, холдингтердің, Қордың басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1 және 14-тармақтарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1 және 14-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 45-бабының 11-тармағында, 54-бабының 1-тармағында, және 79-бабының 1-1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 1-тармағында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 1-тармағында көзделген.
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi