Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығы
Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 14 наурыздағы
№ 446 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуір № 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережесінің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.».
2. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі»;
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi