Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 144 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР  Үкіметінің 06.04.2018 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізiледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 31 наурыздағы № 144 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысымен
бекітілген
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынаарналған акциз мөлшерлемелері

Р/с№


 

1 тоннаға акциз мөлшерлемелері (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0-2710 12590 0)

Дизель отыны(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0-2710 19 480 0)

1

2

3

4

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (маусым – қазан)

10500

9300

2.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (қараша – мамыр)

10500

540

3.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі

0

0

4.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (маусым – қазан)

11000

9360

5.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (қараша – мамыр)

11000

600

6.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

7.

Импорт

4500

540

8.

Салық кодексінің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (маусым – қазан)

10500

9300

9.

Салық кодексінің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (қараша – мамыр)

10500

540

Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
М — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;
0,730 — бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
М — өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;
0,769 — дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
Полная версия
ИС BestProfi