Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 176 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес
1. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 65, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларында:
«1. Осы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін, «Пробация туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.»;
«3. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына (бұдан әрі – жеке бағдарлама) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді.
4. Әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсету сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға қатысты жүзеге асырылады.
Оларды есепке қою кезінде пробация қызметі:
1) денсаулық жағдайын анықтай отырып, адамның жеке басын, оның білім деңгейін және жұмыспен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін түсіндіреді.»;
«7. Жеке бағдарламаның бір данасы:
1) шартты түрде сотталғанның бақылау ісіне;
2) бас бостандығын шектеуге сотталған адамның жеке ісіне;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жинақтау ісіне;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамға қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамның жинақтау ісіне;
5) бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жеке ісіне;
6) сотқа дейінгі пробацияға жататын адамның жинақтау ісіне;
7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру айыппұлға ауыстырылған адамның жинақтау ісіне;
8) сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеген адамның жинақтау ісіне қосылады.
Жеке бағдарламаның екінші данасы пробация қызметінде есепте тұрған адамға қол қойылып беріледі.»;
«10. Пробация қызметінде есепте тұрған адам әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан жағдайда – пробация қызметінің қызметкері, ал пенитенциарлық пробацияға жататын адамға қатысты пробация қызметінің қызметкерлері қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті акті жасайды, ол іске қосылады.»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 176 қаулысына 1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша
Нысан
____________________________________________________________________ (пробация қызметінің атауы)
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы
Мен,___________________________________________________________ (пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор)
________________________________________________________________ қызметкердің тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________ тұратын (мекенжайы)
____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (сотқа дейінгі, үкімдік немесе пенитенциарлықтан кейінгі пробацияға жататын адамдар) (қажетінің астын сызу) нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадым,
ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:
1) медициналық қызмет алуға (қажет болған жағдайда);
2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда):
пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге;
әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге;
өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге;
3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда);
4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);
5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;
6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда).
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) жасады.
__________________ ________________ _____________________ (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)
20___ жылғы «___» ______________ М.О.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін ___________________________ ________________ (адамның тегі және аты-жөні) (қолы)
20___ жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 176 қаулысына 2-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша
Нысан
____________________________________________________________________ (мекеменің атауы)
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы
Біз, төменде қол қоюшылар: __________________________________________ (пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор)
_____________________________________________________________________ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi қызметкерімен бірлесіп)
түзеу мекемесінен босағаннан кейін _________________________________
_____________________________________________________________ тұратын (мекенжайы)
____________________________________________________________________ ( адамның тегі және аты-жөні)
денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (пенитенциарлық пробацияға жататын адамдар) нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадық,
ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:
1) медициналық қызмет алуға (қажет болған жағдайда);
2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда):
пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге;
әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге;
өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге;
3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда);
4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);
5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (егер жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;
6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда).
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) мекеменің сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi қызметкерімен бірлесіп жасады.
_____________ ________________ _____________________ (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні) _____________ ________________ _____________________ (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)
20___ жылғы «___» ______________ М.О.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін
_____________________________________ ________________ (адамның тегі және аты-жөні) (қолы)
20___ жылғы «___» _____________
Полная версия