Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.04.2022 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес (06.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 15-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.04.2022 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес (06.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 46, 623-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1131 қаулысымен
бекітілген
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.06.2016 жылғы № 336 Қаулысымен (23.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.06.2016 жылы № 116 (28844) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2017 жылғы № 176 Қаулысымен (07.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.04.2022 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес (06.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін, «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Бұл адамдар аталған көмекті алуға жергілікті атқарушы органдарға немесе қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгіне алады.
3. Үкімдік пробация бас бостандығын шектеуге сотталған адамға немесе шартты түрде сотталған адамға қатысты қолданылады.
4. Пенитенциарлық пробация қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған адамға қатысты қолданылады.
Пенитенциарлық пробация қолданылатын адамдар үшін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды.
5. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация:
1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын, сот әкімшілік қадағалау белгілеген;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру бас бостандығын шектеуге ауыстырылған;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру айыппұлға ауыстырылған;
5) сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеген адамдарға қатысты қолданылады.
2-тарау. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібі
6. Білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге көмек көрсету өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектің негізгі бағыты болып табылады.
7. Пробация қызметі өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды есепке қою кезінде:
1) адамның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылуын анықтайды;
2) әлеуметтiк-құқықтық көмек алу тәртiбiн түсiндiредi.
8. Жергілікті атқарушы органдар өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты процесті ұйымдастырады.
9. Медициналық көмек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетіледі.
10. Аяқталмаған орта білімі бар өзіне қатысты пробация қолданылатын адам тұрғылықты жері бойынша оқу орындарына жүгінеді.
11. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға құқықтық көмек мынадай көрсетілетін қызметтерді көздейді:
1) олардың қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеу;
2) әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беру;
3) өмірдегі қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу.
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар құқықтық көмек көрсету үшін олардың тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.
12. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсеткен кезде жергілікті атқарушы органдар мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) жұмыссыздарды өкілетті органның/халықты жұмыспен қамту орталығының бос орындар базасында бар бос жұмыс орындарына жіберу;
2) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу;
3) жұмыссыздарды олардың келісімі бойынша қоғамдық жұмыстарға жіберу;
4) жұмыссыздарды кейіннен жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін көтеруге жіберу;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу. Бұл ретте жіберуші тарап жұмыскерлерінің тізімдік санында персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жұмысқа тартылатын жұмыскерлер есепке алынбайды.
13. Пробациялық бақылау, әкімшілік қадағалау мерзімі өтіп, пробация қызметінің есебінен шығарғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін әлеуметтік-құқықтық көмек жалғасады.
14. Пробация қызметі сот қаулысын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін жергілікті атқарушы органға және ұйымға іздестіру жарияланған, «қамаққа алу» бұлтартпау шарасы тағайындалған адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмекті тоқтата тұру үшін хабарландыру жолдайды.
15. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Өздеріне қатысты пробация
қолданылатын адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек
көрсету қағидаларына
қосымша
 _________________________________________________________ (мекеменің атауы) Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы
 Біз, төменде қол қоюшылар:______________________________________ ___________________________________________________________________ (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің қызметкерлері) түзеу мекемесінен босағаннан кейін ___________________________________________________________________ (тұратын мекенжайы) ____________________________________________________________қатысты (адамның тегі және аты-жөні)
денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (пенитенциарлық пробацияға жататын адамдар) нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадық, ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:
1) медициналық көмек алуға (қажет болған жағдайда);
2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда):
пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге;
әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге;
өмірде қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге;
3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда);
4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);
5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;
6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда).
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің қызметкері жасады.
 _____________ ________________ _____________________ (атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________ (атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін __________________________ _________________ (адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Полная версия
ИС BestProfi