Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
«Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 230 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылдың 5 мамырынан бастап ҚР Үкіметінің 20.04.2018 жылғы № 208 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаға 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 230 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 маусымдағы
№ 618 қаулысымен
бекітілген
Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары
1. Осы Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – электрондық аукцион барысында қалыптасатын лот бағасы;
2) бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
3) борышкер – өзінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкі Салық кодексіне сәйкес кепілге салынған немесе салық берешегін, кеден төлемдері мен салықтар, өсімпұл бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі – МКО) шешімі бойынша мүлкіне билік етуі шектелген жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi