Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.02.2019
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық басқармаларымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 маусымда № 15254 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 9 ақпаннан бастап ҚР Бас Прокурорының 22.01.2019 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ж. Асанов
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
 2017 жылғы «___»______
 №____ бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күшін жойған бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық басқармаларымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қазандағы № 121 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12280 санымен тіркелген, 2015 жылғы 18 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған);
2. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық басқармаларымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қазандағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 48 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13618 санымен тіркелген, 2016 жылы 29 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған);
3. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 110 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13910 санымен тіркелген, 2016 жылы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған).
Полная версия
ИС BestProfi