Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2018
«Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 305 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 15348 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 жылғы № 536 Бұйрығына сәйкес
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 230 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 11122 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жоғары оқу орындарында профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымы болған жағдайда тиісті жоғары оқу орны құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.»;
«5. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымының атауы;
2) жоғары оқу орнының орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон көрсетілген атауы;
3) құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес анықталатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар.»;
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бөлім. Конкурстық комиссияны қалыптастыру»;
«9. Конкурстық комиссия мына құрамда құрылады:
1) конкурстық комиссияның төрағасы – жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор);
2) конкурстық комиссия төрағасының орынбасары – жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор) немесе жоғары оқу орны құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
3) конкурстық комиссияның хатшысы – жоғары оқу орнының штаттық қызметкері;
4) құрамында кемінде үш адам бар конкурстық комиссия мүшелері (жоғары оқу орнының штаттық оқытушылары немесе ғылыми қызметкерлері арасынан, кадрлық қызметтің басшысы, заң кеңесшісі, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан ұйымдар өкілдері).»;
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бөлім. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау»;
«10. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:
1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
8) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі  № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
10) № 272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.
Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.»;
5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы негізінде үміткерлермен әңгімелесу өткізу;»;
«15. Әңгімелесудің мақсаты бос лауазымға конкурс жариялаған нақты жоғары оқу орнының ерекшеліктерін, үлгілік біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады.
Әңгімелесу қорытындылары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бағалау парағына енгізіледі.»;
«16. Бұдан кейін конкурстық комиссия профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналастыру үшін конкурстық іріктеу бойынша ашық немесе жасырын дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
«16-1. Ашық дауыс беру жағдайында конкурстық комиссияның шешімі бағалау парақтарының нәтижелері негізінде конкурстық комиссияның мүшелері санының басым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Конкурстық комиссия отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі отырысқа қатысқанда заңды деп саналады.
Талқылау барысы және конкурстық комиссияның қабылданған шешімі конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен хатшысы қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.
Ерекше пікірі бар конкурстық комиссияның мүшелері оны білдірген жағдайда оны комиссия хаттамасына қоса берілетін жазбаша нысанда баяндайды.
16-2. Жасырын дауыс беру барысында конкурстық комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беру үшін үміткерді бюллетеньге (бұдан әрі – Бюллетень) енгізу туралы шешім қабылдайды.»;
«23. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын және ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау конкурсының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты жасалады.»;
6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.»;
Қағидаларға қосымшаның оң жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық
Қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д.Ж. Ахмед-Заки) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы № 305
бұйрығына қосымша
Жоғары оқу орындарының профессор-
оқытушы құрамы мен ғылыми
қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық
тағайындау қағидаларына
1-қосымша
 (ректордың №___ «__» _______ 20___ жылғы бұйрығымен бекітілді)
  лауазым__________________________________________________________
  кафедра/институт/мектеп____________________________________________
  үміткердің Т.А.Ә.___________________________________________________

Біліктілік талаптар

Бағалау өлшемдері

Ескертпе

Білімі

сәйкес/

сәйкес емес


 

Дәрежесі/атағы

сәйкес/

сәйкес емес


 


 

5

4

3

2

1


 

Кәсіби тәжірибесі


 


 


 


 


 


 

Кәсіби талаптар (жарияланымдардың болуы, іргелі және/немесе ғылыми қолданбалы жобаларға жетекші немесе орындаушы ретінде қатысуы, мұғалім студенттердің көзімен сауалнама нәтижелері және т.б.)


 


 


 


 


 


 

Тілдерді білу


 


 


 


 


 


 

Бағалау критерийлері

5

4

3

2

1

Ескертпе

Мазмұны мен тақырыптың сәйкестігі


 


 


 


 


 


 

Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану


 


 


 


 


 


 

Жағдаяттық тапсырмалар және кейстердің болуы


 


 


 


 


 


 

Берілген ақпараттың өзектілігі


 


 


 


 


 


 

Баяндау мәнері және аудиторияның қатысуы


 


 


 


 


 


 

Сұрақтар

5

4

3

2

1

Ескертпе


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Шешім

Негіздеме

Ескертпе

Бос лауазымға орналасуға ұсынылады


 


 

Бос лауазымға орналасуға ұсынылмайды


 


 

 ______________________________________________________ Конкурстық комиссия мүшесінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Полная версия
ИС BestProfi