Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2020
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі м. а.
2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 бұйрығына
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес   
«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.07.2017 жылғы № 472 Бұйрығына сәйкес (23.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2019 жылғы 5 ақпаннан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2019 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 тіркелген) негізінде көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 1-қосымшасында келтірілген тіркелімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау бастау үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіз болып табылады.
1) өтінім осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізуге құқығына куәліктің көшірмесі;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген, көрсетілетін қызметті алушы тапсырған құжаттар топтамасын қабылдайды, толықтығын тексереді және өтінішті тіркейді – 15 (он бес) минут;
2) құжаттарды қалыптастырады және оларды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды –1 (бір) күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті Бірыңғай электрондық құжатайналым жүйесіне тіркеп, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды, орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті құжаттармен бірге қарайды, жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді және құжаттарды орындаушыға жолдайды, орындау ұзақтығы – 10 (он) минут;
5) орындаушы өтінішті қарап, авариялық-құтқару қызметін немесе құралымын тізілімге тіркейді, орындалу ұзақтығы - 20 (жиырма) минут;
6) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының жауабына қол қояды, орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут;
8) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне тапсырады, орындалу ұзақтығы - 20 (жиырма) минут;
9) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
10) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болып табылады:
1-іс-қимыл – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауы және тексеруі;
2-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
3-іс-қимыл – Бірыңғай электронды құжатайналым жүйесіне тіркеу және кіріс нөмірін беру;
4-іс-қимыл – жауапты орындаушыны анықтау;
5-іс-қимыл – өтінішті қарау және авариялық-құтқару қызметін немесе құралымын тізілімге тіркеу;
6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдеу. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;
7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің қол қойылған жауабы;
8-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне жолдау;
9-іс-қимыл – тіркеу туралы жауапқа нөмірін және шығыс күнін беру;
10-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдау;
11-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына қарауға жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы 10 (он) минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды жауапты орындаушыға қарауға береді;
3) орындаушы құжаттарды қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 2 (екі) сағат ішінде ресімдейді;
4) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен 10 (он) минут ішінде келіседі;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, орындау ұзақтығы – 10 (он) минут;
6) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
7) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 1 күн.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады.
1) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжаттардағы ақпараттардың дұрыстығын, сондай-ақ құжаттардың Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестілігін тексеру – 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тапсырылған жеке басын куәландыратын құжат бойынша сәйкестендіру 5 (бес) минут ішінде;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттар тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
4) қабылданған құжаттар 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге тіркеу үшін жолданады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Мемлекеттік корпорацияға өтініш келіп түскен күні жолдайды.
11. Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін «терезе» арқылы күн сайын қолхатта көрсетілген мерзімде береді.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) өзара іс-қимылының, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамасында көрсетіледі.
«Авариялық-құтқару қызметтері
мен құралымдарын
тіркеу (есептік тіркеу)»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Р/с №

Тіркеу нөмірі

Құралымның атауы

Жүргізілетін жұмыстың негізгі түрлері

Заңды мекенжайы,телефоны

Басшының аты-жөні, телефоны

Куәліктің нөмірі және берілген күні

Саны

Күні

Тіркеуден алынған күні

Жеке құрам

техника, жүзу құралдары және басқа да жабдықтар

Аттестаттаудан өткен

Келесі аттестаттау

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

«Төтенше жағдайларды жою кезіндегі
құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілерді
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
 «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)»
 (мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы)
*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасауы;
Полная версия
ИС BestProfi