Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 121 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 тамызда № 15557 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 273 Қаулығына сәйкес  
Редакция 02.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
 Н.С. Айдапкелов ________________
2017 жылғы 25 шілде
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы «30» маусымдағы
№ 121 қаулысымен
бекітілді
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидалары
1. Осы Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Коллекторлық қызмет туралы заң) сәйкес әзірленді және коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (коллекторлық агенттіктің орналасқан жері бойынша) электрондық форматта ұсынылады.
3. Егер есепті айда Мәліметтерге өзгерістер енгізілмеген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына Мәліметтер ұсыну талап етілмейді.
4. Қағаз тасымалдағыштағы мәліметтерге бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адамдар, орындаушы қол қояды және коллекторлық агенттікте сақталады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 157 Қаулысына сәйкес (30.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдей болуын бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адамдар қамтамасыз етеді.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық
капиталындағы қатысу үлестерінің
он немесе одан да көп пайызын
өзі дербес немесе басқа тұлғамен
 (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе
жанама иеленетін және (немесе)
пайдаланатын және (немесе)
оларға билік ететін немесе бақылау
жасайтын тұлғалар туралы
мәліметтерді коллекторлық
агенттіктің ұсыну
қағидаларына қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 157 Қаулысына сәйкес (30.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер
  Есепті кезең: 20__ жылғы __________________ жағдай бойынша
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-нан (онынан) кешіктірмей
1-кесте. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар (бұдан әрі - қатысушы (иелік етуші) туралы мәліметтер

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Резиденттік

Атауы

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің деректемелері)

Құрылтайшы (акционер, қатысушы) не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы коллекторлық агенттікті «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұған дейін коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған басшы қызметкер туралы мәліметтер

Қызмет түрінің сипаты

1

2

3

4

5

6

7


 


 


 


 


 


 


 

Қатысушыға (иелік етушіге) тиесілі қатысу үлестерінің коллекторлық агенттіктің

Жеке

тікелей

жанама

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Қатысушы (иелік етуші) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне сол арқылы иелік ететін ұйымға қатысу үлесі (пайызбен)

Тиесілі акциялардың/қатысу үлестерінің саны (дана/теңгемен)

Сол арқылы жанама иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы

8

9

10

11

12

13

жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің жалпы санына арақатынасы

Бірлесіп

тікелей

жанама

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Қатысушы (иелік етуші) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне сол арқылы иелік ететін ұйымға қатысу үлесі (пайызбен)

Тиесілі акциялардың/қатысу үлестерінің саны (дана/теңгемен)

Сол арқылы жанама иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы

14

15

16

17

18

19

2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар тізбесі

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер)

Бақылау негіздері

Коллекторлық агенттікті бақылайтын тұлға дауыс беретін акцияларының 20 (жиырма) пайызынан астамын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер


 


 


 


 

Ұйымның атауы

Акцияларға (жарғылық капиталға) иелік ету үлесі

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам ______________________________________________ _______________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам ______________________________________________ _______________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Орындаушы _________________________________________________ ____________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Мәліметтерге қол қойылған күн 20_____ жылғы «_____» __________
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада берілген.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық
 капиталындағы қатысу үлестерінің
 он немесе одан да көп пайызын
 өзі дербес немесе басқа тұлғамен
 (тұлғалармен) бірлесіп тікелей
 немесе жанама иеленетін және
 (немесе) пайдаланатын және
 (немесе) оларға билік ететін
 немесе бақылау жасайтын тұлғалар
​ туралы мәліметтер нысанына
қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды коллекторлық агенттік ай сайын жасайды және есепті айдан кейінгі айдың 10-нан (онынан) кешіктірмей толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адамдар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
5. Заңды тұлғалар бойынша 1-кестеде қатысушының (иелік етушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма пайызынан астамына ие жеке тұлғалар туралы мәліметтерге дейін қоса алғанда, коллекторлық агенттіктің акцияларын не жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тікелей немесе жанама иелік ететін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
6. 2-кестенің 3-бағанында жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болуы немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтындығы немесе ұшырағандығы (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі. Егер солай болса, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күні мен нөмірі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін.
Полная версия
ИС BestProfi