Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 тамызда № 15594 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-бабын және 120-3 бабының 1-тармағының екінші бөлігін және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1343 Бұйрығына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.06.2023 жылғы № 717 Бұйрығына сәйкес (28.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ҚЕ-1-нысан «Бухгалтерлік баланс»;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ҚЕ-2-нысан «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп»;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ҚЕ-3-нысан «Қаржыландыру көздері бойынша (тікелей әдіс) мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп»;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ҚЕ-4-нысан «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп»;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ҚЕ-5-нысан «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба»;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ҚЕ-6-нысан «Қайта ұйымдастыру кезіндегі бухгалтерлік баланс»;
2) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 23.12.2024 жылғы № 862 Бұйрығымен (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.12.2017 жылғы № 719 Бұйрығына сәйкес (01.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 03.01.2017 жылы № 16169 тіркелді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi