Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2021
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
31-қосымша
Осы Бұйрық 34-қосымшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
34-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 23.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде, Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз немесе электрондық түрдегі хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы қағаз немесе электрондық түрдегі хабарлама.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi