Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 568 Жарлығы
Редакция 03.04.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 20 қазандағы
№ 568 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
 ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі».
2. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

Палымбетов

Болат Әбілқасымұлы

-

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

Полная версия
ИС BestProfi