Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 252 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 22 қаңтарда № 16262 болып тіркелді
Редакция 16.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы  30 наурыздағы, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы»  2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 252 қаулысына
қосымша
Бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің  тізбесі
1. «Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5089 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:  
37-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:  
«37. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы және пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:»;  
40-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:  
Полная версия
ИС BestProfi