Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 250 бұйрығына
1-қосымша
="red">Редакция 17.02.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 04.01.2018 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген.  
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:  
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығын және оларды ресімдеудің дұрыстығын тексеру он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10 (он) минут;  
4) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.  
 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не осы стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздері бойынша қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап:
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеу үшін тіркеу алымы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабында белгіленген 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Тіркеу алымын төлеу үшін қажетті банктік деректемелер осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.  
Полная версия
ИС BestProfi