Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 13 ақпанда № 16346 болып тіркелді.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.06.2020 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 жылғы № 1150 Бұйрығына сәйкес (15.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.06.2020 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 жылғы № 1150 Бұйрығымен (15.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.03.2024 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (08.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адамдар), Бас деспечерлік басқармасы (бұдан әрі – БДБ) лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазарту мемлекеттік қызметін көрсету кезінде тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін айқындайды.
2. «Тауарларды кедендік тазарту» уәкілетті лауазымды адамдар, БДБ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы көрсетеді.
3. Тауарларды кедендік тазартуды лауазымдық (функционалдық) міндеттерге сәйкес мұндай кедендік операцияларды жүргізуге уәкілетті көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады және тауарларға арналған декларация немесе тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген сәттен басталады және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақытын ескере отырып тауарларды шығару аяқталады.
4. Электронды түрдегі кедендік декларациялау осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес электрондық құжат түрінде тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ЭТД) пайдалана отырып жүзеге асырылады.
5. Жазбаша нысандағы кедендік декларациялау облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органында қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) пайдалана отырып, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.