Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 643 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
 ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (17.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«министрлердің орынбасарлары жөнінде – кандидатура Премьер-Министрмен келісілгені туралы ақпаратты көрсете отырып, министрлер»;  
«4-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарында көзделген тәртіпте ротациялау шеңберінде жүзеге асырылады.»;
«8. Кадр қызметі тиісті келісу парақтарын ресімдейді, оларда тегі, аты-жөні; ұсынылатын немесе босатылатын қызмет; келісу үшін жіберілетін Әкімшіліктің лауазымды тұлғалары көрсетіледі. Келісу парақтарына электрондық түрде қол қойылуы мүмкін.»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«А» корпусының лауазымдарына кандидаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарымен келісуге жатады.»;
«Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы; Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы; Бас штаб бастығының бірінші орынбасары, орынбасарлары; Қарулы Күштер тыл бастығы; Бас штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары; штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының бірінші орынбасарлары; Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері және Қарулы Күштер өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының орынбасарлары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары; Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің Бас штабы департаменттерінің бастықтары; Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы;»;
«Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасарлары, министрліктің жауапты хатшысы, Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы;»;
3) тармақша  мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы»;
«Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасарлары»;
«Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасын және Азаматтық авиация комитетінің төрағасын, төрағаның орынбасарларын қоспағанда, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары, комитеттерінің төрағалары;»;
үшінші абзацтағы «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ»,» деген сөздер алып тасталсын;
19-тармақтың екінші абзацындағы «және проректорлары» деген сөздер алып тасталсын;
«Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Дін істері және азаматтық қоғам министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары және комитеттерінің төрағалары;»;
22-тармақтың төртінші абзацындағы «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы,» деген сөздер алып тасталсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 17.08.2019 жылғы № 120 Жарлығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:
4-1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«А» корпусының төртінші санатының лауазымдары үшін – осы өңірдің D-O-1 немесе Е-1 санаттарының нақты лауазымдары.».
Полная версия
ИС BestProfi