Тауарлар мен көлік құралдарының келуі және кедендік транзитінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 216 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16535 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 154-бабының 4-тармағына, 225-бабының 7-тармағына, 231-бабының 6, 11-тармақтарына және 429-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кірспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.07.2023 жылғы № 777 Бұйрығына сәйкес (23.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын тіркеу қағидалары;
2. «Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік транзитінің және оларды уақытша сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 249 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 10884 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.