«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2019
Сервистік бағдарламалық өнімнің, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының мемлекеттік органның интернет-ресурсының және ақпараттық жүйенің олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 40/НҚ бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16694 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 18 маусымнан бастап ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 03.06.2019 жылғы № 111/НҚ Бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 63 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13207 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 40/НҚ бұйрығына 1-қосымша
Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйені олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізуді жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар және қысқартулар пайдаланылады:
Полная версия

