Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 18 бұйрығы
​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 мамырда № 16891 болып тіркелді
Редакция 03.08.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларында:
«6. Заңды және (немесе) жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстырудың болжамды басталатын уақытына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – шеттен әкелу орны бойынша не «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш ұсынады.»;
«8. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі Мемлекеттік корпорациядан немесе портал арқылы жазбаша өтінімді алғаннан кейін импорттаушы елдің ветеринариялық талаптарын, объектінің сипаттамасын, тиісті аумақтағы (ауылдағы, аудандағы, қаладағы) эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің өтініште көрсетілген түрін экспорттау немесе импорттау мүмкіндігін қарастырады және осы Қағидалардға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) өтінішті тіркейді.»;
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімдерде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат берілмеген немесе рұқсат беруден уәжді бас тартылмаған жағдайда, рұқсат берілді деп саналады және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат береді.
18. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі экспортқа, импортқа арналған рұқсат нөмірін ол келіп түскен күні журналға тіркейді және оны күнін көрсете отырып, ветеринариялық сертификатқа түсіреді, сондай-ақ келіп түскен экспортқа, импортқа арналған рұқсатты немесе уәжді бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жібереді.
Экспортқа, импортқа электрондық түрде берілген рұқсат «Кедендік одақта тасымалданатын өнімдердің ветеринариялық қауіпсіздігі» веб-порталы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасына жіберіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес (11.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1),2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
 ____________________Д. Абаев
2018 жылғы 22 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 18 бұйрығына қосымша
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
обьектілердің экспортына,
импортына және транзитіне
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
хабарлама, тіркелген күні, телефонның,
 Сізден ___________________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын. (экспортқа/импортқа (керегін көрсету қажет)

1.

Орныауыстырылатын (тасымалданатын) объектініңатауы, орныауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оныңөлшембірлігі


 

2.

Экспорттаушы ел (импорттаушы ел)


 

3

Орныауыстырылатын (тасымалданатын) объектініңшыққанжері, мекенжайы


 

4.

Орныауыстырылатын (тасымалданатын) объектініэкспорттау, импорттау кезінде пайдалануболжанатынкөліктүрі


 

5.

Орныауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағыөткізупункттерінкөрсете отырып, орныауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүрубағдары


 

6.

Экспорттың, импорттыңмақсаттары (тіріжануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, қайта өңдеу; азықпен азықтық қоспалар үшін – олардыжейтінжануарлардыңтүрі)


 

7.

Орныауыстырылатын (тасымалданатын) объектінісақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзегеасыратынөндірісобъектісініңатауын және есепкеалунөмірінкөрсете отырып, Кеденодағының (импорттау кезінде), үшіншіелдердің (Еуразиялықэкономикалықодаққамүше болып табылмайтынмемлекеттер) (экспорттау кезінде) кедендікаумағындағымежелі пункт


 

8.

Жойылып кету қаупітөнген және Жойылып кету қаупітөнгенжабайы фауна мен флора түрлеріменхалықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрі – СИТЕС) қолданылатын тіріжануарларды, аңшылықолжаларыннемесеолардыңоңайтанылатынбөліктерінемесеқұжаттары, орамажапсырмасы немесетаңбасы немесе басқабелгілері бойынша жануарлардыңбөліктерінемесетуындылары (дериваты) болатыннемесе бола алатынтуындыларын (дериваттарын) әкеткенжағдайда, СИТЕС қолданылатынжануарлартүрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелугенемесе Қазақстан Республикасы аумағынанәкетугеарналғанрұқсаттардыңберілгенкүндері және нөмірлері


 

9.

Ветеринариялық препараттардың, азықтыққоспалардыңшыққанелін және олардыңтіркеукуәліктерініңнөмірін (тіркеу, қайта тіркеукүні) көрсете отырып, өндірушіұйымдардың ветеринариялық препараттарын, азық және азықтыққоспаларынэкспорттау кезінде


 

10.

Асылтұқымдыжануарларды және асылтұқымдықөнімді (материалды) импорттау кезінде экспорттаушыелдіңресми органы жануардыңәрбасынабергенасылтұқымдықкуәліктіңнемесеоғанбаламақұжаттыңнөмірі және күні


 

11.

Орныауыстырылатын (тасымалданатын) объектініңсипаттамасы


 

12.

Объектініңорналасқанжері (мекенжайы)


 

13.

Орныауыстырылатын (тасымалданатын) объектінікарантингеқою, өндіру, сақтау талаптары


 

14.

«Кеденодағында ветеринариялық-санитариялық шаралардықолдану туралы»Кеденодағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіміменбекітілгенБірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарданерекшеленетінталаптар бойынша Қазақстан Республикасынаүшіншіелдерден (Еуразиялықэкономикалықодаққамүше болып табылмайтынмемлекеттер) әкелінгенорныауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Еуразиялықэкономикалықодаққамүшемемлекеттергешығарылуын болдырмауғакелісудірастаймын

15.

Ақпараттық жүйелердеқамтылғанзаңменқорғалатынқұпиянықұрайтынқолжетімділігішектеулідербесдеректердіпайдалануғакелісемін. Мәліметтердіңдұрыстығынрастаймын

  ____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні)
Полная версия
ИС BestProfi