Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 тамызда № 17274 болып тіркелді
Осы Бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.04.2021 жылғы № 37 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржы секторының шолуын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 89 Қаулысына сәйкес (24.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.04.2021 жылғы № 37 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14804 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкі» 2017 жылғы 2 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.04.2021 жылғы № 37 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда екінші деңгейдегі банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарынан және ипотекалық ұйымдардан қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) түрінде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұсыну тәртібі белгіленеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.04.2021 жылғы № 37 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 89 Қаулысына сәйкес (24.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)