Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды кіріс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 тамызда № 17313 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.04.2020 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша мәліметтер туралы есеп;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты активтер мен шартты міндеттемелер туралы есеп;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп, сондай-ақ шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтердің және шартты міндеттемелердің, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) құрылымы туралы есеп;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыздар, оның ішінде егжей-тегжейлі көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) мөлшері туралы есеп;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданылатын мәмілелер туралы есеп;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша репо, кері репо операциялары туралы есеп;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтеуге дейін қалған төлем мерзімі туралы есеп;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептілікті ұсыну қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті электрондық форматта мына мерзімдерде ұсынады:
күн сайынғы есеп – есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі есептерді қоспағанда);
ай сайынғы есеп – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей.
Полная версия
ИС BestProfi