Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2021
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 540 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 қыркүйекте № 17373 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
Редакция 31.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Р. Скляр
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы ______________ Б. Шолпанқұлов 2018 жылғы «__» _______________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ______________ Р. Дәленов 2018 жылғы «__» _______________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 540 бұйрығымен бекітілген
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар мынадай тұрғын үйлерді өткізу тәртібін айқындайды:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 549 Бұйрығына сәйкес (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - ЖАО) кредиттік тұрғын үйі;
Полная версия