Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1054 Қаулығына сәйкес
Редакция 19.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2019 жылғы № 231 Қаулысына сәйкес (22.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген
"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.10.2019 жылғы № 775 Қаулысымен (29.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1. Бағдарламаның паспорты
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
*Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде нақтыланады; |
2. Кіріспе
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар республикаға экономикалық және әлеуметтік жағдайы тұрақты ел ретінде орнығуға, капитал мен инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Құрылыс саласы Қазақстан Республикасы экономикасының белсенді дамушы салаларының бірі болып табылады әрі елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Жалпы ішкі өнімдегі (бұдан әрі – ЖІӨ) құрылыс саласының үлесі бүгінгі күні 6,2 %-ды құрайды. Құрылыс саласы бойынша тұрғын үй құрылысы секторын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, оның ЖІӨ-нің құрылымындағы үлесі 11%-ды құрайды.
Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен қолайлылығын арттыру есебінен халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басым міндеті болып табылады.
Осы "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) қолданыстағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде әзірленді.
2017 жылы Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша қабылданған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске қосылды, ол халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге және оған қолданыстағы бағдарламалардағы тұрғын үй мәселелерін интеграциялауға бағытталды.