Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2022
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2022 жылғы № 736 Қаулысына сәйкес 
Редакция 15.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпаратты "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес берсін.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1054 қаулысымен
бекітілген
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекеттік бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2020 жылғы № 357 Қаулысымен (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Мемлекеттік бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.08.2020 жылғы № 520 Қаулысымен (08.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Мемлекеттік бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 185 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық- кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы;

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы;

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығы.

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Бағдарламаның мақсаты

Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту

Бағдарламаның міндеттері

1-міндет. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру

2-міндет. Халықты сапалы ауызсумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету

3-міндет. Тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту

4-міндет. Тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және реновациялау

5-міндет. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру

Іске асыру мерзімдері

2020 – 2025 жылдар

Нысаналы

индикаторлар

Мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу:

1) 2025 жылға қарай қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді жыл сайынғы іске қосу көлемін − 20,7 млн. шаршы метрге дейін ұлғайту;

2) 2025 жылға қарай тұрғын үймен қамтамасыз ету бір тұрғынға − 26 шаршы метр;

3) 2025 жылға қарай қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау қызметтеріне халықтың 100 % қол жеткізуі;

4) 2025 жылға қарай жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын төмендету − 47 %;

5) 2025 жылға қарай күрделі жөндеуді талап ететін объектілердің, кондоминиумдардың үлесін қысқарту − 18,1 %;

6) 2020 – 2025 жылдары 60 мың жұмыс орнын құру.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемдері:
 

млрд теңге




 

2020  жыл

2021  жыл

2022  жыл

2023  жыл

2024  жыл

2025  жыл

Барлығы

РБ*

652,6

637,2

592,5

505,6

394,2

388,3

3 170,4

ЖБ*

32,6

32,6

32,2

28,9

29,1

28,9

184,3

Бюджеттен тыс қаражат

704,5

322,9

280,9

200,4

200,2

202,0

1910,9

Барлығы

1389,7

992,7

905,6

734,9

623,5

619,2

5 265,6




 

*Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау шамасына қарай нақтыланады.
 

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 − 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын (бұдан әрі – Болжамды схема), Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығын іске асыру құралы ретінде әзірленді.
Мемлекеттік бағдарлама тұрғын үй құрылысы, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін (бұдан әрі – ТКШ)  жаңғырту мен дамыту саласындағы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын шоғырландырады. Осыған байланысты, Мемлекеттік бағдарламаға Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасынан және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасынан коммуналдық инфрақұрылымды, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, тұрғын үй қорын жаңғырту мәселелері интеграцияланған.
Бірыңғай тұрғын үй саясаты және тұрғын үй коммуналдық саласындағы саясат урбандалу трендтерін, халық санының өсуін, сондай-ақ әрбір өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, елді мекендердің жайлы тұрғын үй ортасын дамытуды кешенді тәсілдерін қамтамасыз етеді.  
Тұрғын үй құрылысындағы мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары жаппай құрылыс салынатын аудандарды инженерлік коммуникациялармен жайластыру есебінен халықтың қалың жігіне арналған қолжетімді тұрғын үй құрылысын ынталандыруға бағытталған.  
Бұл үлестік құрылыс тетіктері шеңберінде халыққа кредиттік тұрғын үй ұсыну үшін жеке инвестицияларды тартады және жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсетеді.  
Полная версия
ИС BestProfi