Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 159 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қыркүйекте № 17391 болып тіркелді
Редакция 28.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы тізбе (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті Төрағасының м.а.
 _____________________ Қ. Орынханов
2018 жылғы 18 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 30 шілдедегі
№ 159 қаулысына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 жылғы № 229 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.01.2020 жылдан бастап)
2. «Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есеп Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Полная версия
ИС BestProfi