«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 175-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 19.01.2021
«Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қыркүйекте № 17436 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 19 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-303/2020 Бұйрығына сәйкес
1. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2010 жылы № 2 болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларында:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқыту ұйымдары тыңдаушының біліктілігін арттыру және қайта даярлау циклдеріне тіркеуге арналған өтініштерді қабылдауды, сондай-ақ, біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды беруді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырады.»;
«3-тарау. Біліктілікті арттырудың және қайта даярлаудың мазмұны мен мерзімдері»;
мынадай мазмұндағы 16-1 және 17-1-тармақтармен толықтырылсын:
«16-1. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуды аяқтаған жоғары медициналық білімі бар кадрлардың қосымша құзыреттерді игеруі үшін біліктілікті арттыру курстарының ұзақтығы:
«Кардиология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша резидентурада және ультрадыбыстық диагностика бойынша қайта даярлауда 216 сағатты, интервенциялық аритмология бойынша – 216 сағатты құрайды;
«Гастроэнтерология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша қайта даярлауда эндоскопия бойынша 216 сағатты, резидентурада және ультрадыбыстық диагностика бойынша қайта даярлауда тиісінше 108 және 216 сағатты құрайды;
«Пульмонология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша эндоскопия бойынша қайта даярлауда 162 сағатты, функционалдық диагностика бойынша 108 сағатты құрайды;
«Нефрология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша резидентурада және ультрадыбыстық диагностика бойынша қайта даярлауда тиісінше 108 және 216 сағатты құрайды;
«Неврология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша резидентурада және ультрадыбыстық диагностика бойынша қайта даярлауда тиісінше 108 және 216 сағатты құрайды;
«Анестезиология және реаниматология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша резидентурада және перфузиология бойынша қайта даярлауда 216 сағатты, токсикология бойынша қайта даярлауда 216 сағатты құрайды;
«Жалпы хирургия» бойынша резидентурада және онкологиялық хирургия бойынша қайта даярлауда 216 сағатты, ультрадыбыстық диагностика бойынша 216 сағатты, эндоскопия бойынша қайта даярлауда 54 сағатты құрайды;
«Урология және андрология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша резидентурада және ультрадыбыстық диагностика бойынша қайта даярлауда 216 сағатты, эндоскопия бойынша қайта даярлауда 108 сағатты құрайды;
«Оториноларингология» «ересектер» немесе «балалар» бейіні бойынша эндоскопия бойынша қайта даярлауда 108 сағатты құрайды;
«Педиатрия» неонатология бойынша қайта даярлауда 216 сағатты құрайды;
«Неонатология» резидентурада және қарқынды терапия мен неонаталдық реанимация бойынша қайта даярлауда 216 сағатты құрайды;
«Балалар психиатриясы» резидентурада және суицидология бойынша қайта даярлауда тиісінше 108 сағатты және 216 сағатты құрайды;
«Акушерия-гинекология» функционалдық диагностика бойынша резидентурада және қайта даярлауда 54 сағатты, ультрадыбыстық диагностика бойынша резидентурада және қайта даярлауда 216 сағатты, эндоскопия бойынша резидентурада 54 сағатты және қайта даярлауда 216 сағатты құрайды.».
«17-1. Біліктілікті арттыру курстарында бір сынақ бірлігі бір академиялық сағатқа теңестіріледі. Конференцияларда, оның ішінде халықаралық, бір күндік қатысу алты сынақ бірлігіне теңестіріледі.».
«4-тарау. Шетелде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, шетелдік мамандарды тарту».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Полная версия