"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабына сәйкес және медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ретке келтіру, үйлестіру және одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 19.01.2021
Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 11 қарашадағы N 691 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5904 болып енгізілді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес (11.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2017 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделуде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2018 жылғы № ҚР ДСМ-7 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 19 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-303/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 07.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес (11.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары;
2) осы бұйрықтың 1-1-қосымшасына сәйкес қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғылыми ұйымдарға және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына 1-қосымша
Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес (11.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2018 жылғы № ҚР ДСМ-7 Бұйрығына сәйкес (18.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 175-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және медицина және фармацевтика кадрларының (бұдан әрі – кадрлар) біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия