Близость слов: Окончание:





Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қазанда № 17462 болып тіркелді
Осы Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (22.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сақтандыру қызметі туралы», «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (22.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
 _____________________ Н. Айдапкелов  
2018 жыл 5 кыркүйук
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 198 қаулысымен
бекітілді
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (22.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 52-1-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі - ұйым) үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (22.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2020 жылғы № 126 Қаулысына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (22.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi