«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-7) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 401 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17627 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.10.2020 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 401 бұйрығымен бекітілген
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 12-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) агент - жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң құрамына кіретін, Заңға сәйкес құрылған акционерлiк қоғам;
2) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарты (бұдан әрі – міндетті сақтандыру шарты) – Заңмен айқындалатын шарттарда сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт;
Полная версия