Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін, Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларын, Тестілеу өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазанда № 17618 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 5-тармағына, 18-1-бабының 4-тармағына, 40-бабының 2,3 және 4-тармақтарына, 43-бабының 8) тармақшасына және 75-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.12.2024 жылғы № 87 Қаулысына сәйкес (23.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары және мерзімдері;
1) «Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9718 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 15-тармағының күші жойылды деп танылсын.
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.