БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 859 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 қарашада № 17687 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақтан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 859 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10657 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. «Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсыну, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 226 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10857 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10942 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Полная версия