Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 227 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қарашада № 17691 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыздарды беру тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидалар бекітілсін.
2. Қаржылық тұрақтылық департаменті (Хәкімжанов С.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулыны мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 227 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидалар
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) соңғы сатыдағы қарыздарды (бұдан әрі – қарыз, қарыздар) екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – банк) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10210 болып тіркелген «Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 қаулысына сәйкес жүйе құраушы инфрақұрылымдық қаржы ұйымдарына (бұдан әрі – жүйе құраушы инфрақұрылымдық қаржы ұйымдары) беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (Жалпы бөлiм), Ұлттық Банк туралы Заңда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы (бұдан әрі – Бағалау қызметі туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мына ұғымдар пайдаланылады:
1) біртекті қарыздар портфелі – кредиттік тәуекел сипаттамалары ұқсас және банктің басқару органы бекіткен банктің ішкі қағидаларына сәйкес келетін банктік қарыздар тобы;
2) дисконт – Ұлттық Банк банк активтері ықтималды құнсыздануымен байланысты тәуекелдерді төмендету мақсатында Ұлттық Банк туралы заңның 51-3-бабына сәйкес белгілейтін кепілге берілетін банк активтерінің құны азайтылатын пайыз;  
3) кепіл препозициясы – Ұлттық Банк кепіл препозициясы туралы келісімді жасаса отырып қарыз берген жағдайда, Ұлттық Банк пен банк Қағидалардың 28-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген, Ұлттық Банк кепілге қабылдауға жарамды банк активтерін айқындауы жөніндегі алдын ала рәсім;
Полная версия
ИС BestProfi